Марста көл табылды
Марста полярлық мұз астында сұйық су табылды
Ғалымдар мұз астында табылған сұйық суды Marsis радарының көмегімен анықтаған. Айта кетейік, Marsis радары «Марс-Экспресс» ғаламшар аралық Еуропалық ғарыш агенттігінде орналасқан. Бұл туралы Science журналында жарияланған мақалада айтылады. «Бұрындары ғалымдар Mars Reconnaissance Orbiter-мен түсірілген Марстың суреттерін зерттей отырып, ғаламшардан ені жарты метрден бес метрге дейінгі қара жолақтарды анықтаған. Ғалымдар ол қара жолақтарды су ағысынан пайда болған деп пайымдаған. Кейін Curiosity атты марста жүретін құрылғы ғаламшар бетінен көне тартылып қалған көлді анықтаған», - деп жазады РИА Новости.
Сондай-ақ, мақалада ғалымдардың зерттеулері Италияның ғарыш агенттігі мен NASA көмегімен жүргізілгендігі айтылады.
Нәтижесінде Қызыл планетаның оңтүстік полюсінде орналасқан ені 20 шақырым шамасында болатын мұз астындағы көл табылған. Басылымның мәліметінше, ғалымдар Marsis радары арқылы зерттеулерді 2012 жылдың мамыры мен 2015 жылдың желтоқсанына дейін жүргізіп келген.