Қайрат Құдайберген Абайды мойындамаған блогер туралы: Біз тозаққа бара жатырмыз
Бизнесмен блогерге қатысты халықтың пікірін сұрады.
Тендерлер туралы тренинг өткізіп жүрген Нұрлан Байділдә күн кеше Абайды мойындамайтынын айтып жұртты шулатты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Оны осы сөздері үшін желі қолданушылары да, қоғам белсенділері де сынаған-ды. Олардың арасында бизнесмен Қайрат Құдайберген де бар. Ол бұл сөздердің жанына батқаны туралы айтады. «Байділдәнің ұлы Абай туралы (ұлы деп тұрмын) айтқан сөздерінен кейін өзегімді өртеген күйінішпен жолымыздың тозаққа бара жатқанын айтамын. Қалай ойлайсыздар, ол осы сөздері үшін халықтан кешірім сұрауы керек пе?» деп жазды ол видеоның тұсына.
Көпшілік міндетті түрде кешірім сұрауын талап етті. Арасында «Ол өлім жазасына кесілуі керек» дегендер де болды. «Адамдар осылайша өздеріне ұпай жинайды. Абай арқылы танылып жатқаны үшін барлығына көңіл айтамын», «Орыстар өздерінің атын мұндай жолмен шығармайды. Олар сөздің бағасын біледі. Жалғыз Абайды жоққа шығарса, оның орнын блогерлермен толықтырмақ па?», «Бірақ, бізде ұлы қазақтар туралы білмесе де, билікте отырған жандар бар», «Абайды бүкіл әлем мойындап қойған. Ал мынау Байділдә кімге керек дейсіңдер?» деп жазды желі қолданушылары.