Денис Теннің достары халықтан шұғыл көмек сұрады
«Резонанс тудырған бұл істе нағыз кінәлі азаматтардың айыпталғаны маңызды».
Марқұм спортышының достары халықтан тұтқындалғандардың қылмысын әшкерелеу үшін көмек сұрады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Сол күнгі куәгерге осы хатты жеткізулеріңізді өтініп сұраймын. Мен Денистің анасына көмектесу үшін барымды беретін едім. Әсіресе, адам айтса нанғысыз әділетсіздікпен күресу үшін. Мұның барлығын Денистің жаны ауырып отырған жақындары үшін жасағым келеді. Себебі, мұның барлығы түрлі гипотезаларға нүкте қояды. Осы жазбаны оқып отырғаныңызға және қол ұшын созатындарыңызға толық сенімдімін. Барлығымыз бірге Отанымызды жақсарту үшін атсалысатынымызға да сенімдімін. Барлығы өзіміздің қолымызда. Куәгер немесе куәгерді білетіндер келесі нөмірлер бойынша хабарлассын: Қайрат: +7702 945 55 99, Санжар: +7701 999 47 01», - дейді достары. Сондай-ақ, спортшының достары қайғылы оқиға болған жерде көліктері қойылған азаматтардан да хабарласуларын өтінді. «Көмектесулеріңізді сұраймын! 19.07.2018 жылы таңертеңгі және түскі уақытта Құрманғазы-Бәйсейітов көшелерінің қиылысында көліктері қойылған жүргізушілерден хабарласуларын сұраймыз. Денис Тенді өлтірген қылмыскерлер туралы ақпарат берулеріңізді сұраймыз. Резонанс тудырған бұл істе нағыз кінәлі азаматтардың айыпталғаны маңызды. Бұл жерде майда-шүйдеге орын жоқ. Видеожазбамен расталған әрбір деталь маңызды. Өтініш, тағы бір рет автотіркеуіштегі жазбалаңызды қарап көріңіздерші. Барлық толыққанды ақпарат үшін алдын ала алғыс білдіреміз! Есімдеріңіздің жарияланбайтынына уәде береміз! Кез келген уақытта хабарласыңыздар», - деп жазды достары.