Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Байзакова: Нағыз еркектерді "қызыл кітапқа" енгізу керек

Байзакова: Нағыз еркектерді "қызыл кітапқа" енгізу керек
ашық дереккөз
Атышулы блогер Айжан Байзакова нағыз еркектердің қалмағанын айтып дабыл қақты
Атышулы блогер Қазақстанда нағыз еркектерді "Қызыл кітапқа" енгізу керек екенін айтты. Бұл туралы Айжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына салған болатын. «Мені де мектепте қыздар ұрған кездер болды. Алайда сол кезде пышақ қолдану деген ой мүлде болмапты, мен тек өз-өзімді қорғау үшін жаттығу жасай бердім», - деген ол өз жазбасында. Ол бұрынғы жігіттер барлығын жұдырықпен шешетінін, ал қазір қарулары мен пышақтарына ғана сенетінін айтып қынжылды.

Сондай-ақ, Instagram жұлдызы құқық қорғау органдары халықты қорғай алмаса, бұзақы жігіттерді "жезөкшелерді ұрғандай" қамшымен жазалауға шақырды.

Оның айтуынша, бұлай істемесе, Қазақстанда аман қалу да мүмкін емес екен.

https://www.instagram.com/p/BlsS5jlgFhJ/?utm_source=ig_web_copy_link

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар