Басты жаңалықтар

Отандық әнші кішкентай баласымен "ән салып" көпшілікті сүйсінтті (видео)

Әнші, композитор Марат Балмырза баласымен "дуэт орындап" тыңдармандарын тәнті етті.

Бірнеше хит әнімен танымал болған отандық әнші Марат Балмырзаның  жуырда ғана "Хабарласпаңыз" әні шыққан болатын. https://www.instagram.com/p/BlX-bWjlA-n/?utm_source=ig_web_copy_link

"Маған басқа қыз хабарласып жүр, ал сіз маған хабарласпаңыз" деп ән шырқап, желіде талқыға түскен әнші өзінің бұл әнін заманауи "бесікте" тербеліп жатқан ұлымен бірге орындаған сәтін парақшасына жариялаған.

Видеоны көрген желі қолданушылары әкесімен қосыла "шырқаған" балақайға сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырған еді.

https://www.instagram.com/p/BlsXm9_jM2H/?utm_source=ig_web_copy_link