Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тойда халық әнін орындаған қыздар көпшіліктің ашуын келтірді (видео)

Тойда халық әнін орындаған қыздар көпшіліктің ашуын келтірді (видео)
ашық дереккөз
Думанды тойда халық әнін қысқа көйлек киіп орындаған арулар жұртқа жақпай қалды
Ғаламтор желісінде халық әнін орындаған арулар жұрттың қызу талқысына түсті. Көпшілік оларды киген киімдері үшін сынап жатты. Желіде тез таралып үлгерген видеоның астына автор "әнді шатастырып алды ма, әлде көйлегін бе?" деп жазып қойған.

Бейнежазбада бес қыз халық әні "Қамажайды" шырқап, әуенге билеп тұрғаны көрініс тапты.

Мұны көрген желі қолданушылары "Бұл қыздар үстін шешіп тастай салмай ма?", "Бәріміз ақша жинап мата салып алып берейік", "Жігіттер, осындай қыздардан аулақ жүріңіздерші" деген сынды жағымсыз пікірлерін жарыса жазып жатыр.

Видеоның қай аймақта түсірілгені әлі  белгісіз болып отыр.

Бірақ желі оқырмандары "Тойда ән айтып, қысқа киетін қыздарға тыйым салу керек" деген пікірлерін жазуда.

https://youtu.be/jtKGxkqqLLA
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар