Алексей Ягудин марқұм Денис Тен туралы бағдарлама әзірлеп жатыр
«Денис әлемдік деңгейдегі мәнерлеп сырғанаудың ғана емес, біздің отбасымыздың бір мүшесі еді».
Мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин Мұз еріп барады» атты марқұм Денис Тенге арналған бағдарлама әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Спортшы бұл бағдарламаны түсіру үшін Мәскеуге арнайы ұшып келген. Аталған қалада Денис Теннің бұрынғы жаттытырушылары Татьяна Тарасова мен Елена Водорезовадан сұхбат алған. Осы уақытқа дейінгі сұхбаттарыың бірінде мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді отбасының бір мүшесі ретінде қабылдайтынын жазған еді.
«Күні бойы жылап отырмын. Таня екеуіміз қатты қиналып отырмыз. Себебі, Денис әлемдік деңгейдегі мәнерлеп сырғанаудың ғана емес, біздің отбасымыздың бір мүшесі еді. Бұлай тек Денис туралы айта аламын. Құдды өте жақын адамымызды, өзіміздің бір өлшегімізді жоғалтып алғандаймыз», - деді ол.