Үшінші күдікті қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып отыр.
Денис Тенді өлтіру ісіне қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам тұтқындалды. Бұл туралы ҚР Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокурор орынбасарының айтуынша, ол қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып отыр.
«Қажетті айғақтардың барлығы жиналды. Олардың заңға сәйкестігі тексеріліп жатыр. Сот қамауға алу шарасын санкциялады», - дейді Марат Ахметжанов брифинг барысында.
Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




