Саясаттанушы әрі "Қазақстан" телеарнасы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл басынан бері кімге жиі қоңырау шалғанын анықтап шықты.
Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасындажазған деп хабарлайды KYN.KZ.
2018 жылдың басынан бастап, Ақорданың ресми парақшасы елбасының 22 рет қоңырау шалғанын хабарлаған. Белгілі болғандай, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентіВладимир Путинге жиі қоңырау шалған (сегіз рет).
Сонымен қатар, елбасы Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен төрт рет және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен төрт рет телефон арқылы байланысқа шығыпты.
Ал Армения басшысы Армен Саркисянға және Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековке екі реттен қоңырау шалған.
Одан бөлек Нұрсұлтан Назарбаевпен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд телефон арқылы байланысқа шықты.
Келесі мақала