Тәуекел Мүслім Ресейге кеткелі жатқанын айтты
Актер бір жыл бұрын Америкаға кетпек болған еді.
Осыдан бір жыл бұрын Тәуекел Мүслім Америкаға кететінін айтып жұртты шулатқан болатын. Алайда актер бұл ойынан айнып қалған екен. Ол жуырда Мәскеуге аттанбақ, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Oйбайlife бағдарламасына сілтеме жасап. «Жуырда ғана Астананың 20 жылдығына арнап 4 бөлімнен тұратын телехикая түсірдік. Жалпы Астананың өркендеу жолына арналған. Оны Мосфильммен бірігіп түсірдік. Яғни түсірілім жұмыстары Мәскеуде де өтті. Сол жерде көптеген адамдармен, режиссерлермен сөйлесіп, Америкаға барып тілді үйренуге уақыт жұмсағанша, оқуға Мәскеуге барсам деп шештім. Оның үстіне менде уақыт тапшы, жас деген қысып жатыр. Бір шетінен Мәскеу мектептері де өте мықты», - дейді Тәуекел Мүслім. Десе де, әнші аталған елге ұзақ уақытқа бармайтынын айтады. «Қазір бір-екі ЖОО-ны көздеп отырмын. Бірақ төрт жылдық толыққанды оқуға түсемін деген ойым жоқ. Небәрі төрт-бес айға созылатын курсқа барғым келеді», - дейді ол.