Тәуекел Мүслім неліктен бұрынғы продюсеріне көлігін қайтарып бергенін түсіндірді
2018 жылдың маусым айында әнші продюсері Жанна Әбуовамен жұмысын тоқтатқаны туралы айтқан еді.
Тәуекел Мүслім бірге жұмыс істеуден бас тартқан продюсері Жанна Әбуоваға неліктен көлігін қайтарып бергенін түсіндірді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Oйбайlife бағдарламасына сілтеме жасап. «Бүгінгі таңда жаяу жүрген жоқпын. Аллаға шүкір, көлігім бар. Біріншіден, мен жұмыс тоқтатқан кезде продюсерімнің жаяу жүргенін көрдім. Сол себепті, көлікті қайтарып бергім келді. Сондай-ақ, арамызда реніш болмағанын қаладым. Өмірде әртүрлі жағдай болады. Оның үстіне қайтарып беру мәселесі сыйлықтың өзіне де байланысты. Менің ойымша, мұндай сыйлықты қайтаруға болады», - дейді Тәуекел Мүслім. Сондай-ақ, әнші продюсермен жұмыс істегенде қанша табыс тапқанына тоқталды. «Продюсермен жұмыс істегенде қанша табыс тапқанымды нақты айтпай-ақ қояйын. Жалпы біз 4 жыл бірге жұмыс істедік. Аллаға шүкір, осы уақыт ішінде біраз жұмыс атқардық, шетелдік компаниялармен де келісім шартқа отырдық. Мен толыққанды түрде ол кісіге ешнәрсе қарыз емеспін деп айта аламын. Себебі, маған жұмсаған ақшасының бәрін өтедім, көлігін де қайтарып бердім», - дейді ол. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың маусым айында әнші продюсері Жанна Әбуовамен жұмысын тоқтатқаны туралы айтқан еді.