Басты жаңалықтар

Шымкентте бір кездері самса сатып жүрген көпбалалы ана бүгінде танымал визажист

Кезінде самса сатып жүрген Ақбаян Асанқызы адам танымастай өзгеріп кетті. Танымал журналист табысқа жетудің құпиясымен бөлісіп отыр.

Шымкенттік жалғызбасты ана қазірде танымал визажистердің бірі. Өзі  де көпбалалы отбасының жетінші перзенті. Күйеуімен ажырасқан Ақбаян Асанқызы төрт баласын асырау үшін күн-түн демей еңбектеніп, тынбай жұмыс жасаған. 36 жастағы келіншек  қолынан келгеннің барлығын жасады. Таңнан кешке дейін самса пісіріп, оны жақын маңдағы дүкендерге де сатып жүріпті. "Үйде самса, тәттілер пісіріп, үй жақта шағын маркет болды, сонда өткізіп жүрдім. Түнгі сағат екіге дейін қамыры мен өзге де қажеттіліктерін дайындап, таңғы бесте тұрып пісіріп, таңғы сағат тура сегізде дүкен алдында тұратынмын. Балаларымды мектепке, балабақшаға апарып келген соң үйге келіп, тағы да самса мен тәттілерге қажетті қоспаларды дайындаймын. Күніге сол іс қайталанып отырды. Қыста қызым мен ұлымды шанамен сүйреп балабақшаға тасып жүрдім. Іштей намыстанған,өмірге ызаланған кездерім де болды",-дейді визажист. Уақыт өте Ақбаян өзін басқа салада өргісі келді. Сөйтіп ол туыс-бауырларынан 600 мың теңгені қарызға алып, визажист курсын оқыпты. Осылайша, бірден "Халықаралық дәрежедегі визажист" сертификатына ие болып шыға келген.  width= Алайда  сертификат Ақбаянның өміріне бірден өзгеріс әкеле қоймапты. Қолына косметика қорабын құшақтаған Ақбаянды құшақ жая ешкім қарсы алмады. Тәжірибесі жоқ маман үйде бес айдай отырған.  width= Ойлана келе, визажист өз жұмыстарын Instagram парақшасына жүктеуді жөн көріпті. Оның бұл ісі қазіргі өмірінің бастамасы болғандай екен. Бірде оған Алтынай Жорабаева хабарласып, макияж жасау қажеттігін айтыпты. Жұмысын 100 долларғаорындаған визажист әншінің жарнамасынан кейін өмірі күрт өзгергенін айтады. Мәскеу қаласынан қосымша білім алып келгенде клиенттер кезекте тұрған, элиталы салондардың жұмысқа шақырған кездер Ақбаянның көз алдынан әлі де кетер емес. Визажист ТМД бойынша сұлулық мамандарының арманы болғантой стилистерінің студиясында да білімін жетілдірген. Бүгінде ол Шымкенттегі жалғыз той стилистерінің студиясы мен көйлектер салонын басқарып отыр.  width=