Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жақын досы Денистің сезімге толы әндерінің қай аруға арналғанын айтты

Жақын досы Денистің сезімге толы әндерінің қай аруға арналғанын айтты
ашық дереккөз
Жақында ғана шыққан Денис Теннің "She won't be mind" әні кімге арналған?
Жігітке жеті өнер де аз дегендей, Денис өзінің композиторлық, орындаушылық дарынымен елді таң қалдырып үлгерген. Оның инстаграм желісіндегі авторлық әндері өз тыңдармандарын тауып, Ренат Гайсин сынды композиторлардың көңілінен шығып, тіпті, оның музыкалық таланты жоғары бағаланған. Бұл жайлы "Тен есімді жұлдыз" атты деректі фильмдегі жақындарының сұхбаттарында айтылады.
"She won't be mind" әні  “Ол ару менің барлық шығармашылығым соған ғана арналатынын білмейді”, -  деп басталады. Ал, Денистің өз әндеріне сөзін өзі жазғанын ескерсек, махаббатқа толы әннің кімге арналғаны кімді болса да қызықтыратыны сөзсіз. Денистің жақын досы, Швейцарияда өз кәсібін жүргізетін Айгелия Мурзабекова ән жайында өз пікірімен бөлісті: “Денистің өзі айтқандай, ол сұлулықты сүйетін. Әдемі дүниеге ғашық болатын. Бірақ белгісіз уақыттан кейін суып кететін. Егер адамды ұнатса, сезімі мәңгілікке ұласатын. Барлық адамдардан, барлығының Жан дүниесіне үңілетін. Денистің пікірінше, She won’t be mine өлеңі мүлдем жауапсыз махаббат туралы емес. Керісінше, мүмкін емес сезімдер жайында. Егер ойланып қарасаңыз, “жауапсыз” бен “мүмкін емес ” деген екі түсініктің айырмашылығы бар”,— дейді ол. “Бұл өлеңді Денис бірнеше жылдар бойы жазды деп ойлаймын. 2015 жылдың өзінде ол төрт құрлықтың чемпионатында өнер көрсету үшін бір әнге хореография дайындаған еді. Сол кезде хореографияның мүмкін емес махаббат жайлы жазылған әнге арналатынын айтқан”, — дейді Айгелия Мурзабекова.

Написал прошлой ночью. 🎤🎼🎹 #DTNMusic

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

Спортшының жақын досы белгілі актер Санжар Мади өз сұхбатында:"Денис Тенді өз арамызда "мачо" деп атайтынбыз. Үнемі жігіті бар қыздарға қарайтын", - деді. Сол себепті болар, барлық әндерінің басты жеткізер ойы "мүмкін емес махаббат" дерті. Бір өлеңінде ол: “Сен ешқашан мендік болмайсың Сен тым кішкентайсың Сен тым ақылдысың Менде жоқ нәрсенің  бәрі сен де бар”, — деп белгісіз аруды өзінен биік қою арқылы өзінің сезімге деген беріктігін білдірді. Денис Cloud in the sky өлеңінде ғашығын періштеге, ал өзін оған ешқашан қолы жетпейтін аспанда жүзіп жүрген бұлтқа теңеген. Ол “Біз әзірге бұл өмірде бірге бола алмаймыз” деген өлең жолдары арқылы спортшы өз өмірінің қамшының  сабындай қысқа екенін сезгендей: “Мүмкін сен дәл мен сияқты біреуді іздеп жүрген шығарсың, Саған қамқорлық танытып, сені жақсы көретін мендей біреуді іздейтін шығарсың,” — дейді ол. Денис барлық өлеңдерінде бір ғана ару жайлы жырлайтыны сөзсіз. Оның қоңыр көздерінің өзі бір өлеңге арқауы болған. Инстаграмдағы парақшасында Денис Тен “Brown Eyes” әнін қоңыр көзді қыздарға арнайтынын жазды. “Cебебі, бүгін кешке мен сенің көздеріңе батып кететін сияқтымын” дейді бейтаныс қызға ғашық болған елдің сүйікті ұлы.

В общем, в продолжении к предыдущему видео, оператор этого меня только что спросил - почему я выложил "не оригинальный вариант". Вот оригинал, где я делюсь идеей о песне. Как упоминалось прежде, посвящается всем с "Brown Eyes" и… "No Voice" (особенно вторых!). :-))) ➖➖➖ So, following the previous video, the person who recorded this one asked me why haven't I uploaded "the original video"? Here it is - the video where I sort of share the idea of the song. Again, dedicating this to everyone with "Brown Eyes" and... No Voice (especially those!). :-))) #DTNMusic

Публикация от Denis Ten (@tenis_den)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар