Басты жаңалықтар

Денис Тен ісі. Сот үшінші күдіктінің есімін жариялады

Азамат екі айға қамауға алынды.

Алматы қалалық сотының шешімімен спортшы Денис Тен өлімі туралы іске қатысы бар үшінші күдіктінің есімі айтылды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі BNews.kz сайтына сілтеме жасап. Үшінші күдікті ретінде ұсталған Жанар Толыбаева Алмалы аудандық сотының шешімімен 2 айға қамауға алынды. «Жанар Толыбаева ҚР ҚК 434-бап бойынша, «Алдын ала дайындалған немесе ауыр қылмыс туралы хабарламау», 188, 2 б., 1 б. «Алдын ала сөз байласу бойынша ұрлық жасау» бабтарына сәйкес тұтқындалды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.