Денис Тен Кореяға сапары туралы: Өзімнің қазақ екенімді түсіндім
Спортшы көптен бері көкейінде жүрген арманының орындалғанын айтады.
2017 жылдың тамыз айында Денис Тен Кореяда жүріп аяғын ауыртып алған болатын. Кейін сол мемлекетте қалып, спортшы аяғын емдетеді. Ол ата-бабаларының отанында тұрып көру арманы болғанын айтты. Десе де, осы сапарынан кейін ол өзінің кәріске қарағанда қазақ екенін түсінген екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Штат Небраска бағдарламасына сілтеме жасап. «Биыл көптен күткен арманым орындалды. Бірақ, шыны керек, мен ойлағандай жақсы себеппен емес. Мен әрдайым Кореяда тұрып көргім келетін. Біздің атамыз өте атақты. Ол Корея тәуелсіздігі үшін күрескен 15 немесе 20 азаматтың қатарына кіреді. Ол Кореяның батыры десек те болады. Халықпен тығыз араласып, мәдениеттерімен танысқым келетін еді», - деді Денис Тен. Десе де, ол ұзақ мерзімге созылған сапарынан кейін өзінің кәріске қарағанда қазақ екенін түсінгеніні айтады. «Қазақ кәрістер мен оңтүстіккореялықтар мүлдем бір-бірлерінен өзгешеленеді деген сөздерді жиі еститінмін. Әрине, дәстүрлерде айырмашылық бар. Бір жерлерде ұқсастықтар сақталған. Ол жақта балдақпен жүрдім. Оның үстіне достарым да бар. Әрине, мен достарымды жақсы көремін. Десе де, сол жақта жүріп өзімнің қазақ екенімді түсіндім», - дейді ол.