Басты жаңалықтар

Тәуекел Мүслім өзінен балалы болғысы келетін қыздар туралы айтып берді

Әнші: Жұрт ойлағандай менменшіл емеспін.

Тәуекел Мүслім өзін көпшілік ойлағандай менменшіл адам еместігін айтады. Мұнымен қатар, өзінен балалы болғысы келетіндер туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Oйбайlife бағдарламасына сілтеме жасап. «Көбісі мені өзінше, менменшіл, ешкімді менсінбейді деп ойлайды. Көбінесе осындай пікір айтылады. Шынайы өмірде көрген кезде «Сіз осындай екенсіз ғой» деп таңғалып жатады. Қызқұмар деп ойлайтындары да бар. Қыздарды жиі ауыстырады, бәрімен кездесе береді деген сияқты. Ондай емеспін. Мен бір ғана адамды жақсы көремін. Сол себепті, ақталатындай жағдайда емеспін», - деді әнші. Сондай-ақ, ол бір кездері өзінен шәует сұрайтындар туралы сөз қозғады. «Мұндай ұсыныс өмірімде бір рет қана болды. Одан кейін бұл жағдай қайталанбады», - деді Тәуекел Мүслім.