Басты жаңалықтар

Анасы Денистің қазасынан кейін халық алдына шығып сөйлей алмағаны үшін кешірім сұрады

Анасы: Азалы кезімізде қолдау көрсеткен барша адамға алғыс айтамын

Денис Теннің анасы қайғысына ортақтасқан қазақстандықтарға алғыс айтты,  деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі «Қазақпаратқа» сілтеме жасап. «Қайғымызға ортақтасып, қиын сәтте отбасымызға қолдау білдіргендері үшін Денис Теннің туыстары атынан барша қазақстандықтарға және халықаралық қоғамдастыққа алғыс айтамын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа да алғысым шексіз. Президент Денисті әрдайым қолдап, көмектесіп келді. Мұнымен қатар, қолдау көрсеткендері үшін мемлекеттік органдар мен әкімдікке рахмет айтамын. Қаралы күнге тап болғалы қазақстандық және халықаралық БАҚ өкілдері бірнеше рет бізге хабарласты. Денисті жоғалтқанымызға әлі күнге дейін көндіге алмай жүрмін және дәл қазір журналистердің сауалына жауап беріп отыру қиынға соғады. Басымызға түскен қайғыға мен сұхбаттасуға дайын еместігімізге түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз. Ұлымыздың абыройлы есімін сақтап, оны ұлықтайық!» - деді Оксана Тен. Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады.