Криштиану Роналду екі жыл мерзімінде абақтыға жабылуы мүмкін
Бұл ақпаратты Испания прокуратурасы растады.
Роналдуға салық төлеуден жалтарғаны үшін 3,2 миллион еуро көлемінде айыппұл салу және екі жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылады.
Айыппұлдан бөлек, футболшы салық органдарына 5,7 миллион еуро өтеуі тиіс. Сонымен бірге, үстеме пайыз бойынша тағы бір миллион еуро, екі жылдық мерзімінің әр күні үшін 250 еуродан төлеуге міндетті. Бұл іс бойынша футболшы жалпы сомасы 19 миллион еуро төлейтін болады. Былтыр шілде айында сот отырысы кезінде футболшы ешқашан ештеңе жасырмағанын, салық төлеуден қашқақтамағанын айтқан еді.