Басты жаңалықтар

Айдың тұтылу сәті: желіде әлемнің түкпір-түкпірінен ерекше құбылыстың фотосуреттері жарияланды

Әлеуметтік желі қолданушылары ХХІ ғасырда ең ұзақ уақытқа созылған айдың тұтылуын суретке түсіріп, бөлісіп жатыр.

Аспанда өткен “қойылымды” Еуропа, Азия, Аустралия мен Оңтүстік Америка тұрғындары тамашалаған. Айдың тұтылуы тіпті Антарктидада көрінген.

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап KYN.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды. Алайда Сібір мен Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде бұл құбылыс байқалмаған. Бұл түні ай Жердің көлеңкесінде қалып, толығымен қызыл түске боялған.

Қазақстандықтар да сирек болатын бұл құбылысты фотоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.