Басты жаңалықтар

Адамдар бір-біріне тіркесіп батып кеткендерді құтқарды

Солтүстік Каролниа штатында Эмералд-Айл қаласында оннан астам адам батып бара жатқан жүзушілерді құтқарып қалды.

Бұл жайлы ABC News жазады. Жергілікті әкімшіліктің қауіпті толқын жайлы ескерпелеріне қарамастан екі-үш адам суға кірген. Толқынның күшінен барлығы бата бастаған. Жағажайда демалушылар жаға мен жүзушілер арасында толқын алып кетпес үшін шынжыр жасап бір-бірінің қолдарынан ұстап тұра бастаған. Сол арқылы батып жатқандарға дейін жетіп, оларды жағаға шығармақ болған. Соның арқасында барлығы дерлік дін аман. Тек 41 жасар ер адам батып кетті. Билік басындағылардың айтуынша адамдар жақсы ауа-райы салдарынан ескерпені елемеген. Эмералд-Эйл қаласында ұзақ жаңбырлы күндерден кейін бірінші рет күн шыққан.