Америкалық қатты ыстыққа шыдамай жедел жәрдем көлігін айдап кеткен
Аризона штаты, Меса қаласының тұрғыны рекордты ыстық ауа-райында жаяу жүргісі келмей жедел-жәрдем көлігін айдап кеткен.
Бұл жайлы Fox 10 Phoenix жазады. 37 жасар Тодд Шелл ауруханадан шыға бергенде даланың қатты ыстық екенін түсінеді. Аурухана жанында жаңа ғана емделушіні алып келген жедел жәрдем көлігі тұрған. Дәрігерлер асыққаннан көліктегі кілтті алуға ұмытып кетеді. Мұны пайдаланған Шелл көлікке отырып, кетіп қалады. Көп ұзамай полиция қызметкерлері көліктегі GPS арқылы барымташыны тауып алады. Ұсталған Шелл үйіне ақша алуға барғанын айтады. Ол сэндвич алып, тәбеттенген соң көлікті қайтармақшы болған. Барымташыға өзіне тиесілі емес көлікті қолданғаны үшін және құқық қорғаушылардан қашқаны үшін айып тағылды. Бұл жағдай көрші Финикс қаласында температура бағаны рекорды 47 градусты көрсеткен 24 шілде күні болған. Arizona Republic баспасы көрсеткендей, мұндай көрсеткіш тек 2014 жылы бір рет байқалған. Шілде айында Вермонт штатының Берлингтон қаласында тыржалаңаш жаяу жүргінші ұсталған болатын. Ол өзінің бұл әрекетін 39 градус ыстық салдарынан деп түсіндірген.