Басты жаңалықтар

Корольдік күзетшісі сарайды тамашалауға келген турист қызды итеріп, құлатып жіберді (Видео)

Оқиға куәгерлері күзетшінің қолындағы қарумен атып салуға да құқылы екенін ескертіп, қыздың жеңіл жазаланғанын айтты

Бұл жағдай орын алған видеоны өз Twitter парақшасында @QuickTempaa есімді қолданушы жариялаған. Видеода турист қыздың қоршаудан шығып суретке түскелі жатқанында гвардияшы өзінің берілген жолымен саптық жүріспен келе жатқанын көруге болады. Гвардияшының итергенінен қыз тепе-теңдігінен айырылып құлай жаздайды. Арудың ызыланғанына қарамастан, гвардияшы қозғалысынан ауытқымай түк болмағандай жүре береді. Видео авторының айтуы бойынша, турист қыз жеңіл құтылды, себебі, бекініс қабырғасында гвардияшылардың жүретін жолы қоршалғаны жайлы, ал олардың мылтықтары оқталғаны ескертілген. «Өзін ұрғанын қалап тұрғандай болды», - дейді видео иесі. Комментарийлерде қолданушылардың ойы екіге бөлінді: біреулер қатты итерудің қажеті болмады десе, екіншілері гвардияшыны қолдап, қыздың қылығын өрескел деп бағалады.