Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада екі жігіт ескерткіштерді ұрып, мазақ еткен

Астанада екі жігіт ескерткіштерді ұрып, мазақ еткен
ашық дереккөз
Астана полициясы “Сергек” бейнебақылау жүйесі арқылы ескерткіштерді мазақ еткен екі жас жігітті тапты.
Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап Kyn.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Мүсіннің жанында суретке түспек болған жас жігіт оған аяғымен шығып алған. Бұдан кейін бұзақылар екінші ескерткішке назар аударып, соған қарай бет алады. Жігіттердің бірі белгісіз себеппен мүсіннің “бетінен” ұрып, аяғымен теуіп кетеді. Полицияның мәліметіне сүйенсек, бұзақылардың бірі – 22 жаста, екіншісі кәмілеттік жасқа толмаған. Жас жігіттердің үстінен “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. https://www.youtube.com/watch?v=SXIbwBZ62DE&feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар