БҚО-да мектепті енді бітірген бойжеткенді жігіті өлтіріп тастады
17 жастағы қыздың денесі табылып, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
17 жастағы қыз өлі күйінде табылды. Оқиға 28 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Дариян ауылында болды. Қыздың денесі дәмхананың маңынан табылды. Аудан әкімі Асхат Шахаров бұл оқиғаға қатысты күдікті ұсталғанын айтты. Ол марқұммен бірге жүрген 20 жастағы жігіт болып шықты. Марқұм биыл ғана мектеп бітірген екен. Қыздың өліміне байланысты күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр.