Басты жаңалықтар
"Айданаға не болды?": Қазақ эстрадасының ең қарапайым әншісі жұрттың көңілін қалдырды (фото)
- автор kyn.kz
- 29 шілде, 2018
- 514
Инстаграм парақшасына жартылай жалаңаш суреттерін жүктеген әнші жұрттың қызу талқысына түсті
Күні кеше Айдана: “Әлішер айға қарап жүргенде купальникпен түскен фотоны салып үлгердім”, – деп әзіл-қалжыңы аралас пост қалдырған болатын.
https://www.instagram.com/p/Blp5wDqnNXJ/?utm_source=ig_web_copy_link
Алайда әншінің бұл әзілін оқырмандары түсіне қоймапты. Сөйтіп Меденованың тарапына жағымсыз пікірлерді қарша боратты.
Ал көпшіліктің сынына әншінің өзі емес, жары Әлішер Нұржанов жауап берді.
“Көзімді жұмып қалсам болды, Айдананы купальникпен суретке түсіріп алады. Тоныңды ала шық деп айттым оған”, – деп а өз ойын білдірді.
Десе де жұрттың жағымсыз сөздерге толы пікірінен кейін әнші ерегісе түскендей болды. Бұған дейін қарапайымдылығымен көптің көңілін баураған Айдана бір күн ішінде жартылай жалаңаш күйдегі бірнеше суретін жариялады.
https://www.instagram.com/p/BlsNIHkHtcf/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/BlsOl3Kno8Z/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/Blsj2fwncPO/?utm_source=ig_web_copy_link
Оқырмандары : "Ұят", "Қазақтың ең қарапайым әншілерінің бірі едің, саған не болған?", "Екі баланың анасына мұндай қылық жараспайды" деп өздерінің пікірлерін жаудырды.
Сондай-ақ олар Айдананың аяқ астынан өзгеріп шыға келгенін жақсылыққа баламай отыр.