Басты жаңалықтар

Танымал болудың кілті: Қайрат күніне төрт-ақ сағат ұйықтайтынын айтты

Қайрат Нұртас көпшілікті ақындық қасиетімен тәнті етті

Отандық әнші Қайрат Нұртас өзінің инстаграм парақшасына шығарған өлеңін жазып,  онда күніне төрт-ақ сағат ұйықтайтынын айтты. Желі қолданушылары болса сүйікті әншілеріне көбірек демалуға кеңес берді.  Сондай-ақ Қайраттың ақындық қасиетіне тәнті болғандарын да жеткізді. "Тыным жоқ... Төрт-бес сағат көз ілемін, Күн сайын түрлі адамға кезігемін. Инстаға кіріп-шығып арасында, Өзіме қажетті ой, сөз ілемін. Үш миллион оқырманға жеткен соң ба, Өзімді миллионердей сезінемін!"- деп жазды әнші. Оқырмандары "Мықтысыз!", "Онсыз да миллионерсіз ғой", "Шаршамаңыз, тек алға" деп өз пікірлерін де білдірген болатын. https://www.instagram.com/p/BlzvJH4hac6/?utm_source=ig_web_copy_link