Басты жаңалықтар

Мешіт алдында бөксесімен билеген танымал блогер жұрттың ашуына тиді

Ресейдің Қазан қаласындағы мешіт алдында бөксесімен билеген блогер Анастасия Малышева жұрттың қатаң сынына ұшырады

Анастасия Малышева - Ресейдің  ТНТ арнасындағы "Билер" шоуының бұрынғы қатысушысы. Ол жақында ғана Қазан қаласында демалуға барған екен. Сөйтіп жаңа биінің видеосын желіге жүктеген болатын.

https://www.instagram.com/p/BlfWcMFAcMB/?utm_source=ig_web_copy_link

Алайда бойжеткен ненің қасында билеп тұрғанына мән бөлмеген сыңайлы. Қазан қаласындағы Кул-Шариф мешітінің алдындаөнер көрсетіп жатқанын көрген оқырмандар Анастасияны қатаң сынға алды.

https://www.instagram.com/p/BliPUxEF1ck/?utm_source=ig_web_copy_link "Ол көрінген жерде билегенді ұнатады. Үйінде билей алмайтын шығар, сол үшін осындай қасиетті жерді таңдады", "Мешіт маңында бөксемен билеудің не керегі бар еді?", "Мен мұсылман емеспін, бірақ осы дінді ұстанатындар мына видеоны көрсе, ашуға булығатын шығар" деп жазба қалдырды желі қолданушылары.