Түк айтыспасам да, бәрі он көтереді: Балғынбек Имашев айтыстан неге көрінбей кеткенін айтты
- автор kyn.kz
- 30 шілде, 2018
- 239
Ақын соңғы уақытта айтыста көрінбей кетуінің басты себебін түсіндірді.
Айтуынша, қазір оған айтыста жылдар бойы жинаған абыройы, яғни "беті" жұмыс істейді. "Содан ба әйтеуір бәрі 10-нан төмен ұпай қоймады"-, дейді.
"Біріншіден, қазір айтысқа дайындалуға қолым тимейді. Алайда дайындалмай барып, бір айтысқа қатыса салсам да, қазылар алқасының бәрі танитындықтан, түк айтыспасам да, бәрі он (ұпай) көтереді. Тоғыз қоюға ұяла ма, білмеймін (күлді). Бірақ айтысым онның емес, сегіздің айтысы, өзім білемін, іштей сеземін.
Былайша айтқанда, "бетім" жұмыс істеп кетті. Содан кейін жақсы айтысып тұрған жас балаларға қиянат болады ғой деп, жол берейін деп шештім. Екіншіден, қатарластарымның арасында қазір айтысып жүргендер бірен-саран. Бес саусақпен санасам, беске жеткізе алмаймын. Көбісі жастар. Сондықтан да әр нәрсе өз уақытымен болғаны дұрыс. Әрине, әртүрлі себептер болды, негізгі себеп жаңағы екеуі", - деді айтыскер ақын.