Басты жаңалықтар

Ақмола облысында балықшы суға батып кетті

Ақмола облысында балық аулап жүріп суға батып кеткен 27 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Тағы үш адам іздестіріліп жатыр.

Оқиға Шортандыдағы Мықтыкөл ауылында болған.

«28 шілде күні сағат 14:30-да құтқарушылар 1991 жылғы жігіттің өлі денесін шығарды. Ол балық аулып жүріп суға батып кеткен», - деп төтеншеліктер.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанда да  тағы 3 ер адам іздестіріліп жатыр.

«Күршім ауданындағы Зайсан өзеніне балық аулауға кеткен 1970 және 1975 жылғы 2 ер адам іздестіріліп жатыр. Одан басқа Сарыкөлде 1981 жылғы жігіт 21 шілде күні балық аулап жүрген суға батып кетті», - деді ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.