Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Басы жұлынып кетті: ШҚО-да болған жол апаты халықтың үрейін туғызды (видео)

Басы жұлынып кетті: ШҚО-да болған жол апаты халықтың үрейін туғызды (видео)
ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода адамдар мәйіттің басын шөптің арасында іздеп, таба алмай жүрген көрінеді
Әлеуметтік желідегі бейнежазбада жол апатына ұшыраған ер адам мен оның мылжасы шыққан көлігі жұрттың қызу талқысына түсті. Онда видео авторлары ер адамның басын іздеп жатқан көрінеді.

Жол апаты қаланың шет жағындағы тас жолда орын алғаны байқалады. Көлікте қосылған әуендер әлі де ойнап тұр. Әйнектері шағылып, қауіпсіздік жастықшасы ашылып қалған екен.

Видео авторы көліктің артқы жағында балаларға арналған екі креслоның тұрғанын айтады. Бірақ көлікте ер адам жалғыз болған көрінеді.

Желі қолданушылары оқиғаның 26 шілде күні Зырян ауданына қарасты Прибрежный ауылының маңында орын алғаны туралы жазады.

Кейбір пікір білдірушілер ер адамның жол апатынан қаза болғанына күмәнданып, қасақана өлтірілді деген де болжам айтуда.

Осы оқиғаның анық-қанығын  анықтамақ болып, Зырян ауданының жергілікті полиция қызметімен байланысқа шыққан едік. Алайда полиция қызметі басшысының орынбасары Дәурен Құстыбаевтың айтуынша, мұндай жол апаты Зырян ауданында тіркелмеген екен.

Енді құзырлы орган қызметкерлері жол апатының нақты қай жерде орын алғанын және Шығыс Қазақстанның өңірлеріне қатысы бар ма, алдағы уақытта анықтайтын болады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар