Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қалауымның атышулы қатысушысы үйленді

Қалауымның атышулы қатысушысы үйленді
ашық дереккөз
Жарты жыл бойы "Қалауымға" қатысып, көрерменге көз таныс болып кеткен Мәди бойдақтықпен қоштасып, отау құрды.
Алайда Мәди өмірлік жарын "Қалауымнан" емес, өмірден тапты.    width= “Барша қазақ еліне сәлем!Көптен күткен өмірлік жарымды кездестіріп, Мейрам күндері Алланың қалауымен Көкшетаудың бөктеріне, Бурабайдың төрінде, кезінде Абылай xан бабамыз үш жүздің басын қосқан жерінде, менде Ұлы жүзбен Кіші жүздің басын қосып, құда түсіп сырға салып қайтқан қуанышыммен бөліскім келеді! Тойдың ауылы Алла қаласа алыс емес.” – деп жазған еді Мәди Рахымбай. 28 шілде күні жары Әйгерімнің ұзату тойы өтті.  width= “Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Бүгін шілде айының 28-жұлдызында бір Алланың қалауымен некемізді қидық. Алла тағалам некемізді мәңгілік қылсын. “Қарай берем келбетіңе, көріктім, Тағдырма келіп кірдің… Жолықтың. Қазақ қызы, қылықтары жарасқан, Саған ғашық екенмін мен… Соны ұқтым”, – деп жазды ол.  width= Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, ізгі тілегін жаудырды. https://www.instagram.com/p/BlzwDIoAYvO/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар