Басты жаңалықтар
Санжар Мәдиев Денистің қазасына байланысты күдікті қыздың не үшін тұтқындалғанын түсіндірді
- автор kyn.kz
- 30 шілде, 2018
- 544
Актер халықты куәгер болудан қорықпауға шақырды
Санжар Мәдиев Денис Теннің ісіне қатысты тың мәліметпен бөлісіп, халықты дүрлікпеуге шақырды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Жуырда мәнерлеп сырғанаушының өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір азамат ұсталған-ды. Көпшілік ол қылмысты көріп тұрып, сол туралы айтпағаны үшін қамауға алынды деп топшылады. Алайда актер Санжар Мәдиев бұл қауесеттің барлығын жоққа шығарып, қолда бар ақпаратпен бөлісуге шақырды.
«Қазір үшінші күдіктіге қатысты түрлі сөздер айтылып жүр. Көптеген пікірлер жазылып жатыр. Бірақ, олардың көбісі шындыққа жанаспайды. Жұрт әлгі қыз қылмысты өз көзімен көріп отырып, сол туралы жеткізбегені үшін тұтқындалды деп отыр. Достар, ол әлгі қылмыскерлердің сыбайласы. Сол себепті, өздеріңізде бар ақпаратпен қорықпай бөлісе беріңіздер», - деді Санжар Мәдиев.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Ақтөбе облысының 46 жастағы қала әкімі өзіне қол жұмсады
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 желтоқсан, 2025




