Басты жаңалықтар

Санжар Мәдиев Денистің қазасына байланысты күдікті қыздың не үшін тұтқындалғанын түсіндірді

Актер халықты куәгер болудан қорықпауға шақырды

Санжар Мәдиев Денис Теннің ісіне қатысты тың мәліметпен бөлісіп, халықты дүрлікпеуге шақырды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Жуырда мәнерлеп сырғанаушының өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір азамат ұсталған-ды. Көпшілік ол қылмысты көріп тұрып, сол туралы айтпағаны үшін қамауға алынды деп топшылады. Алайда актер Санжар Мәдиев бұл қауесеттің барлығын жоққа шығарып, қолда бар ақпаратпен бөлісуге шақырды.

«Қазір үшінші күдіктіге қатысты түрлі сөздер айтылып жүр. Көптеген пікірлер жазылып жатыр. Бірақ, олардың көбісі шындыққа жанаспайды. Жұрт әлгі қыз қылмысты өз көзімен көріп отырып, сол туралы жеткізбегені үшін тұтқындалды деп отыр. Достар, ол әлгі қылмыскерлердің сыбайласы. Сол себепті, өздеріңізде бар ақпаратпен қорықпай бөлісе беріңіздер», - деді Санжар Мәдиев.