Басты жаңалықтар

«Меломен» әншісі Байзақова туралы: Көзін құртуға тырысамыз

Ғабит Әбділдаев ашық-шашық киінетін қыздарға қатысты пікір білдірді.

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Әбділдаев Айжан Байзақова секілді әлеуметтік желіде ашық-шашық киіммен түскен суреттерін бөлісуге құмар қыздарға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, үгіт-насихат арқылы осындай қыздармен күреспек, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. «Ешқашан қоя салмаймыз, барынша көзін құртуға тырысамыз. Қолымыздан ешнәрсе келмесе де, көзімізбен, сөзімізбен айтып, барынша тиюға тырысамыз. Біздің Қазақстан Республикасының заңы бар. Сол заңның шеңберінен шыға алмаймыз. Сондықтан да қолымыздан келгенше насихат айтамыз. Ненің дұрыс немесе бұрыс екенін айтуға міндеттіміз», - деді ол. Сондай-ақ, топ мүшелері Айжан Байзақовамен клип түсірген жігіттердің әрекетін арзан жарнамаға балады.