Басты жаңалықтар

Тамара Асар: Құдайға шүкір, сүйіктім бар

Әнші неліктен сүйіктісінің жеке хатын әлеуметік желіде бөліскенін түсіндірді.

Тамара Асар алғаш рет жүрегін жаулаған сүйіктісі туралы айтып берді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. «Менің жүрегім ешқашан бос болған жоқ. Құдайға шүкір, мені барлық кезде жақсы көретін адам бар. Оған да мен қуаныштымын. Қазір жаз, жайбарақат кез. Бұрын сезімдерімді жасыратын едім. Қазір ашық айтуға тура келеді», - дейді Тамара Асар. Сондай-ақ, әнші неліктен әлеуметтік желіде сүйіктісінің жеке хатын бөліскенін түсіндірді. «Шынымды айтсам, бұл ол кісіге деген құрметім. Әрбір қыз сондай смс-ті күнде алсын деген тілегім бар. Кейін алып тастадым», - дейді ол.