Басты жаңалықтар

Денис Тен: Шай ішкенді жақсы көремін, өйткені қазақпын

Спортшының көзі тірісінде түсірген видеосы жұрттың жүрегін елжіретті.

Әлеуметтік желіде Денис Теннің көзі тірісінде түсірілген видео пайда болды. Аталған видеода спортшы қазақ халқы секілді шайды ерекше жақсы көретінін айтады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Қарның тойып тұрған кезде демалған, ал аш кезіңде жаттығу жасаған дұрыс. Жоқ, Симон, бұл су емес, шай. Мен қазақ емеспін бе?!» - дейді Денис Тен.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде әлі күнге дейін спортшының өлімін қабылдай алмай жүргендерін жеткізді. «Жаным сол, мен қазақпын ғой дейді. Жүрегі тек қазақ деп соқты. Қазақстан үшін еңбегін аямады. Жаны жәннатта болсын», «Жаным сол, түріңнен. Жатқан жерің жайлы болсын», «Қазақ деген сөзіңнен айналдым. Жатқан жерің жайлы болсын», «Жәннатта көрісеміз, ағатай» деп жазды олар.