Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайырымды іспен айналысамын: Жазира Байырбекова қыздарды тегін ұзатпақ

Қайырымды іспен айналысамын: Жазира Байырбекова қыздарды тегін ұзатпақ
ашық дереккөз
Жазира тойларына ақшаға әнші шақыруға жағдайлары жоқ бойжеткендерді уақыт тауып тегін ұзатпақшы.
Қыз ұзату тойларының ханшайымына айналған Жазира Байырбекова алдыға уақытын қайырымды істерге жұмсамақшы, Ол миллиондаған ақшаға тойына әнші шақыра алмайтын қыздарды тегін ұзатамын дейді. Айтуынша, бұл қадамға ұзатылар қыздардың тарапынан сұраныс көп түскендіктен барып отыр. “Хабарландыру! Көпшіліктің сұрауы бойынша айына бір, екі рет материалдық жағдайы әншілерді шақыруға жетпейтін отбасындағы қыздардың ұзату тойына уақыт тауып атсалысамын. Бұған дейін де тегін барып ән айтып жүрген кездерім болған. Бүгін көп қыздардың арманы болған ұзатуға байланысты жазып отырмын. Бірақ, алдын ала xабарласып мазаламауларыңызды сұраймын. Тек бара алатын күні инстадан xабар беріп отырамын”, – дейді Жазира. Мәселен, Жазираның дәл бүгін, яғни 30 шілде күні Аматы қаласында тегін қыз ұзату болайын деп отыр. “Бәріне үлгермейтінім анық. Бір күнде тек екі қызды әніммен ұзататын уақыт таба аламын. Және кімді ұзатқанымды @zhazira_kyz_uzatu парақшасынан көрсетіп отырамын. 87013108939. Осы телефонға тек бүгін ұзатылатын болсаңыз ғана xабарласыңыз. көмекшілерімізді орынсыз мазаламауларыңызды сұраймын”, – дейді Байырбекова. https://youtu.be/3DGeX_UWg1k
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар