Басты жаңалықтар

Әзірбайжан адам ұрлады деп айыпталған әйелді Қазақстанға тапсырды

Адам ұрлау, ақша өндіріп алу бойынша қылмыс Астана қаласында 2017 жылы орын алған.

Бұл жайлы Sputnik.kz жазады.

Күдікті Ирада Рустамованы Астана қаласының бас прокуратурасы мен ішкі істер департаменті қызметкерлері Қазақстанға жеткізді. Қазіргі уақытта әйел Астана қаласының тергеу изоляторында отыр. «Айыпталушыға күш көрсету арқылы, мүлікті қолды қылу мақсатымен адам ұрлаған деген айып тағылды. Қылмыс былтырАстана қаласында орын алған», - деп, түсіндірді бас прокуратура. Рустамова бұған дейін қылмыстық іздестіру органдарынан қашып үлгерген. Оны халықарлық іздестіруге жариялаған.