Басты жаңалықтар

Ауылдағыдай өмірді аңсаймыз: Қыдырәлі мен Қарақат Астанада зәулім коттедж тұрғызып жатыр (видео)

Қыдырәлі Болманов жастық шақтағы арманын орындауға кірісті. Қазірде музыкант Астанада зәулім коттедж тұрғызып жатыр

Қыдырәлі салынып жатқан үйін видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген еді. “Өзімізге жақсы көрші іздейміз! Қасиеті көп ауылда өскен балалар-үй салғысы келіп тұрады. Жеке үй, ит ұстасаң болды, ауылда тұрғандай әсер береді. Аула, алтыбақан, турник, Алла бере салғандарың ойнайтын алаңқай, құлыншақтарың ойнап, дос болатын ит асырау (бала үшін ит асырау өте маңызды дер едім, кісінетіп бір-екі жылқыны қорада ұстап, Қарақат дайындаған “сіп-свежий” қымыздан күнде ішіп, жорғаңды мініп жорғалатсаң). Әп-әдемі арман, келісесіз бе? Қандай қиындық көрсеңіз де, әдемі армандаңыз”, – деп қуанышымен бөлісті Қыдырәлі Болманов. Ал желі қолданушылары болса,  жұлдызды жұпқа сәттілік тілеп, болашақта қоныс тойын тойлауға тілектестік білдірді. https://www.instagram.com/p/BluxAzcluF-/?utm_source=ig_web_copy_link (