Басты жаңалықтар

Денис Теннің америкалық жаттықтырушысы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Фрэнк Кэрроллдың соңғы шәкірті болған еді.

Мәнерлеп сырғанаудан америкалық жаттықтырушы Фрэнк Кэрролл өзінің карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі ifsmagazine.com сайтына сілтеме жасап. «Жасым 80-ге келіп үлгерді. Бұдан былай мәнерлеп сырғанаушылар үшін жауапкершілік алғым келмейді. Еуропа мен Азияға ұшақпен ұшып баруға жарамаймын. Өмірімде қанша рет ұшақпен ұшқанымды сіздер көз алдыларыңызға елестете де алмайсыздар. Саяхатқа шығатын болсам, мұны тек өз қалауым бойынша жасағым келеді. Бұдан былай жарыстарға қатысқым да келмейді. Ассоциация, мәнерлеп сырғанаушылар алдында жауапты болмасам деймін. Сондай-ақ, спортшының жан-күйзелісін де сезінгім келмейді», - дейді Фрэнк Кэролл. Маман 60 жылға жуық қызмет еткен.