Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетауда алып тастың астында қалып қойған экскаваторшы қайтыс болды

Көкшетауда алып тастың астында қалып қойған экскаваторшы қайтыс болды
ашық дереккөз
Көкшетауда дәрігерлер «Алтынтау-Көкшетау» кенішінде алып тастың астында қалып қойған экскаваторшының өмірін аман сақтап қала алмады
Көкшетауда дәрігерлер екі аяғын кесіп тастаған экскаваторшының өмірін сақтай алмады.  «Алтынтау-Көкшетау» кенішінде алып тастың астында қалған экскаваторшы жігіт қайтыс болды. Апаттан кейін  жаншылып қалған екі аяғын кесіп тастаған дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Мадияр Төлеубековтің өмірі үшін дәрігерлер бір апта бойы күресті. Алып тастың астында 11 сағат бойы жатқан жас жігіттің ішкі ағзалары да зақымданған екен. Кеше кешкісін оның жүрегі соғуын тоқтатты. Алтын өндіретін «Алтынтау-Көкшетау» компаниясы оқиғадан кейін Мадиярға Көкшетаудан 30 миллион теңгеге үй сатып әперген еді.Сондай-ақ шетелде протез жасатуға келіскен. Алайда, барлық жағдай жасалған баспанасын ол көре алмады. Небәрі 25 жастағы жігіт апатқа дейін 10 күн бұрын үйленген еді. Марқұмның артында жас жұбайы қалды. Ал қыршын жастың өмірін қиған апатқа кім кінәлі ол әлі күнге дейін белгісіз. Дүйсенбек Баймұсынов,  Ақмола облыстық еңбек инспекциясы  басқармасы басшысының орынбасары: -Кеніште неге мұндай жағдай орын алды? Жауапты адамдар неге апаттың алдын алған жоқ? Комиссия құрамында барлық сала мамандары жұмыс істеп жатыр.Бірер күнде белгілі болады. Өндірісте жіберілген қателіктері үшін жауап беруге тиіс.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар