Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оң қолының алақаны жұлынып кетті: Қарағандыда қолында граната жарылған сарбаздың жағдайы белгілі болды

Оң қолының алақаны жұлынып кетті: Қарағандыда  қолында граната жарылған сарбаздың жағдайы белгілі болды
ашық дереккөз
Қарағанды облысында жарылғыштан саусақтары жұлынып кеткен сарбаз өзіне келді
Қарағандыда әскерде жүрген сарбаздың қолында граната жарылып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді. Бірақ  кейін анықталғандай, әскери қызметкердің қолында жарылып, оны өмір бойына мүгедек еткен граната емес. Бір өлімнен аман қалған кіші сержанттың өзі де, әріптестері де осылай деп отыр. Десе де, аяқасты жарылған заттың не екенін әзірге ешкім білмейді. "Жарылған зат туралы ештеңе айта алмаймыз. Бәрін тергеу көрсетеді", -деді Ринат Омаров, ҚР Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің басшысы. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оқыс оқиға сенбі күні Қарабас ауылындағы әскери полигонда болған. Келісімшарт бойынша қызмет ететін 33 жастағы Асан Сембіұлы аумақтағы шөпті жұлып жүріп, әлдебір пластмассаны байқайды. Сөйтіп, қолына ала берген кезде, беймәлім зат етіп жарылыпты. Осыдан кейін, ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскен. Төтенше жағдайдан оның оң қолының алақаны, саусақтарымен қоса жұлынып кетіпті. Бұған қоса, беті мен мойны күйген. Кіші сержанттың сол көзі де жараланды. Ол бүгін ғана аурухана палатасына ауыстырылған. Асанның тапқаны жарылғыш заттың қай түрі, және оның әскери  полигонда қайдан жүргені тек тергеуден соң белгілі болмақ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар