Басты жаңалықтар

Оралда өз келінін өлтірген қайын атасының атышулы ісіне сот үкімі шықты

Келінің қатыгездікпен өлтірген қайын атасының ісіне сот үкімі шықты. 51 жастағы ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды

51 жастағы ер адам өз қылмысын мойындап, құзырлы органдарға кінәсін өзі айтып келген соң, сот үкім шығарарда соған көңіл бөлді. Оған қоса, күдікті бұрын-соңды сотталмағанын ескерген сот, келесі үкімді шығарды: «Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағына (Кісі өлтіру) сай  ең ауыр жаза мерзімі  15 жыл.  Алайда қылмыскер өз кінәсін мойындағандықтан, сот оның жазасын жеңілдететін жағдайларды  ескеріп,  күдіктіні 11 жылға бас бостандығынан айырды», – дейді сот төрағасы Бақыт Ермаханов. Өз кезегінде ер адам сот үкіміне қарсы болмады, сондай-ақ ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Естеріңізге сала кетсек, қанды оқиға осыдан 3 ай бұрын болған еді. 27 жастағы Ақерке Қозыкешова күйеуімен ажырасқаннан кейін баласын алып, Семейдегі төркініне кетіп қалады. Алайда бұрынғы күйеуі Семейге келіп, ұлын қайта алып кетіпті. Артынша Ақерке баласын сағынып, көру үшін Оралға барған. Алайда ол баласын әкетпек болғанда, қайын атасы оны жалдамалы пәтерде ұрып-соғып, кеуде тұсына пышақ сұғып өлтірген. Салдарынан ауыр жарақат алған келіншек көз жұмды.