Басты жаңалықтар

Студент кездегі талғамсыз Ерке: Әнші тыңдармандарын жаңа бейнесімен таңғалдырды (фото)

Ерке желіге боялмаған күйіндегі суретін салып, танымастай өзгеріп кетті

Қазірде Ерке "Кафе "Махаббат" атты фильмін түсіру үстінде. Кинодағы сомдайтын рөліне байланысты, әншінің бейнесі осылай танымастай өзгерген. width=

Желі қолданушыларының көбі алғашында Еркені танымай қалғандарын жасырмады. Олардың кейбірі оны оралманға ұқсатса, енді бірі бояусыз түрінің әдемі екенін айтып, оны нағыз қазақтың қызына теңеген.

"Ия, шынымен Қытайдан келген оралман сияқты болғанымен, табиғи нағыз қазақтың қызы", - деп өздерінің пікірлерін қалдырып жатыр.