Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әлішер Кәрімов киімге қыруар ақша жұмсайтынын айтып мақтанды

Әлішер Кәрімов киімге қыруар ақша жұмсайтынын айтып мақтанды
ашық дереккөз
Әнші әріптестерінің пікірін көп ескере бермейтінін айтып қалды.
Әлішер Кәрімов киімі мен образын толықтыратын аксессуарларға көп ақша жұмсайтынын айтып мақтанды. Оның пікірінше, осының барлығы оған өзін жас жігіттей сезінуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі «Ойбайlife» бағдарламасына сілтеме жасап. «Жұмысыма қатысты әріптестерімнің пікірін ескере бермеймін. Себебі, бұл тәуелсіз көзқарас. Бірақ, шамамен 10 жыл бұрын олардың пікірлері толғандырғаны рас. Шығармашылықпен айналысқаныма 15 жыл өтсе де, бұрынғыдай жас әрі сымбаттымын... Соңғы топтаманы киіп келгенімді байқағаныңа қуаныштымын. Мен сырт келбетіме қатысты көп ақша жұмсаймын»,  - деп мақтанды Әлішер Кәрімов. Сондай-ақ, әнші туған күнін қалай қарсы алатынына қатысты сұраққа жауап берді. «Әзірге ешнәрсе айтқым келмейді. Бірнәрсені алдын ала айтқанды ұнатпаймын. Бірақ белгілі бір жоспарларым бар», - дейді ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар