Басты жаңалықтар
Дәрігерлердің қателігінен ер адам 15 жыл ғұмырын жындыханада өткізген
- автор kyn.kz
- 31 шілде, 2018
- 1.6k
Зейнеткер психиатриялық диспансерден 3 миллион теңге өндіріп алып, қайырымдылық мақсатында жұмсамақ
31 арна мәліметтеріне сәйкес.
Ер адам 15 жылдық ғұмырын Атырау мен Павлодар қалаларындағы психоневрологиялық диспансерлерде өткізіп, кейінірек Мәскеудегі Сербский атындағы ғылыми-зерттеу институтында дені сау екені анықталған.
Егде жасқа келген Елубайдың айтуынша, 41 жыл бұрын бұрынғы әйелінің арқасында Атырау облыстық психиатриялық диспансеріне түседі, сол жерде он жыл жатып, инсулин-коматозды терапия алады.
Кейінірек медбикелердің бірі және туысының көмегімен ер адам Павлодар қаласындағы психиатриялық диспансерге ауысады. Сол кезде тәуелсіз сарапшылардың тексеруінен өтуді жөн көріп, Мәскеу қаласы ҒЗИ мамандары Елубайдың дені сау деген қорытындыға келген.
Сөйтіп, Павлодар қаласында облыстық психоневрологиялық диспансерге сарапшылардың қорытындысын көрсетеді.
"Мұнда да сараптама жасалып, сау екенін растаған", — деп түсіндірді науқастың заңды өкілі Айгүл Ырғыбаева.
Оның сөзіне сүйенсек, Павлодардағы комиссия тексеру жүргізіп, ер адамды босатыпты.
1991 жылы Елубай дәрі-дәрмексіз, психиатриялық көмексіз жаңа өмірге қадам басады. Мұндай істердің ешқашан ескірмейтінін біліп, кінәлілердің жазасын бергісі келген екен. Ер адам соттан дені сау кісіні не себепті жүйке дертіне шалдықты деп көрсеткісі келгендерін анықтауды сұрайды. Зейнеткер Атырау және Павлодар диспансерлерінен 3 миллион теңге өндіріп алып, қайырымдылық мақсатында жұмсамақ.
Келесі мақала