Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әжей қайта-қайта порно арналарға жазыла берген шалын атып өлтірді

Әжей қайта-қайта порно арналарға жазыла берген шалын атып өлтірді
ашық дереккөз
Жұбайылар арасындағы сөзге келушілік адам өліміне әкеліп соқты.
АҚШ тұрғыны өзінің күйеуін пронографиялық телеарналарға жазылғаны үшін атып тастаған. Бұл жайлы жергілікті полиция пресс-релизінде жазылған. 69 жасар Патриция Хилл өзі полицияға телефон шалып 65 жасар күйеуі Фрэнк Хиллді өлтіргені жайлы хабар береді. Оқиға орнына жеткен полицейлер екі рет атылған оқтан қаза болған ер адамның денесін табады. Әйелдің айтуынша қорада отырған күйеуімен сөзге келісіп қалады. Оның ашуын келтіргені жарының порно-контентті телеарналарға екінші рет жазылуы болған екен. Хилл күйеуінің үйден кетуін сұрайды, қанағаттанарлық жауап алмағаннан кейін ол үйге кіріп кетеді. Қораға қайтып келгенінде қолында қаруы болады. Әжей екі рет атқан: бірі басына, екіншісі аяғына тиген. Содан кейін Хилл үйіне кіріп, полицейлерге өлім туралы айтуға хабарласқан. Қазіргі уақытта американдық әйел қамауда, сот тергеу жұмыстарын күтуде.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар