Басты жаңалықтар

Келіншек түні бойы көршісінің үйде ұстайтын жыланымен бір төсекте ұйықтаған

Корольдік питон Лондон қаласы тұрғынының үйіне кіріп, төсегіне тығылып қалған.

Бұл жайлы Daily Mirror баспасы жазады. Әйел таңертен оянғанда қасында ұзындығы бір метрдей жылан жатқанын байқайды. Ол қорыққанынан бөлмеден тұра қашып, артынан есікті жауып, жануарларды қорғау Корольдік ұйымына хабарласады. Көп ұзамай, жылан ұстау маманы келеді, бірақ ол уақытта жылан жоғалып кеткен. Маман өз байланыс телфондарын қалдырып, жылан қайтып келген жағдайда хабар беруін сұрайды. Келесі күні бауырмен доғалаушыны дәлізде байқайды, осы жолы ол қашып құтыла алмайды. Жануарларды қорғау Корольдік ұйымы болжамы бойынша, питон көрші үйлердің бірінен қашып кеткен. «Бауырмен жорғалаушылар, әсіресе, жыландар қашудың мамандары. Егер тордың есігі соңына дейін жабылмаса, немесе қақпағы дұрыс бекітілмесе олар сол сәтте-ақ мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысады», - деп, түсіндірді ұйым маманы. Корольдік питон – улы емес жалын, ұзындығы  1,2 – 1,5 метрге дейін жетеді. Кішкентай жорғалаушылар мен құстармен қоректенеді.