Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәдина Сәдуақасованың ұлы қазақ тілін мүлдем білмейтін болып шықты

Мәдина Сәдуақасованың ұлы қазақ тілін мүлдем білмейтін болып шықты
ашық дереккөз
«Баламның қайдан орыс тілін үйреніп алғанын білмеймін».
Мәдина Сәдуақасованың Әнуар есімді ұлы мемлекеттік тілде мүлдем сөйлемейді екен. Әнші мұның себебін түсіндіруге тырысып бақты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. «Негізі ұлым қазақша балабақшаға барады. Жолдасым екеуіміз үйде тек қазақ тілінде сөйлейміз. Тіпті, тілді шұбарлайтын кездеріміз де болмайды. Өйткені баламыздың орыс тілін тез қағып алатынын білеміз. Нағашы жұрты қызылордалықтар қазақ тілінде сөйлейді. Ал өзінің ата-әжелері таза әдеби тілде сөйлейтін қазақ тілді кісілер», - дейді әнші. Сондай-ақ, әнші әлі күнге дейін баласының неліктен орыс тілде сөйлейтінін түсінбей жүргенін айтты. «Баламның қайдан орыс тілін үйреніп алғанын білмеймін. Балабақшадағы ұстаздары «Әнуар айтқандарымызды қайталамайды. Тек орысша сөйлегісі келіп тұрады» дейді. Жан-жағында бәріміз қазақша сөйлесек те, оның орыс тілімен кететінін білеміз. Балам Youtube желісіне өзі кіріп алады. Ал мен «Балапан» арнасын қойып беремін. Мен бұл мәселеге келгенде қиналмаймын. Менің ойымша, бала болашақта қазақ тіліне үйренісіп кетеді», - дейді Мәдина Сәдуақасова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар