Басты жаңалықтар

Бүркіттің шетелдегі демалысқа кемінде 900 мың теңге жұмсайтыны белгілі болды

Жуырда әнші туған күнін Түркияда достарымен бірге атап өткен болатын.

Шоу бизнес өкілдерінің демалысқа қанша қаржы жұмсайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. Жазғы демалыстағы суреттерін жарыса жариялап жүрген эстрада жұлдыздары кіммен және қайда демалып жүргендері жайында жазып, көңіл-күйімен бөлісуге асық. Тіпті, шетелде жүрсе де, бір қонақүйде кездесіп қалатын сахналық әріптестермен ортақ суреттерін жариялап, оқырманын қызықтырып қоятыны да бар. Түркияда демалып, туған күнін атап өткен Бүркіт мырза қымбат демалыс орындарының бірінде Мейрамбек Беспаев, Ернар Айдар, Арман Дүйсенов, Әйгерім Қалаубаева сынды достарымен бірге атап өтті. Тек Түркияның Белек қаласында демалып жатқан достарының бұл демалысының құны қанша екенін көбіміз біле бермейміз. Осыған орай, «Айта берсін» бағдарламасының журналистері Түркияның қонақүйлеріне хабарласып, демалыс құны қанша екенін анықтап білді. Әнші Бүркіт секілді отбасыңызбен қымбат жерде демалғыңыз келсе, бір адам үшін 900 мың теңгеңізді дайындап қоясыз. Таңдаған үйіңіз бен қонақүйдің түрлі концепциясына қарай демалысыңыздың құны 5-6 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Жақсы жұмыс жасасаң, жақсы демаласың деген қағиданы ұстанатын әншілердің мұндай мүмкіндіктерінің барына қарағанда шоу-бизнес өкілдерінің жарты жылы жемісті болды деуге болады.